Балалардың жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру және маусымдық лагерьлердің қызметін лицензиялау мәселелері талқыланды

Балалардың жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру және маусымдық лагерьлердің қызметін лицензиялау мәселелері талқыланды
Абай облысы әкімінің орынбасары М.Рахановтың төрағалығымен балаларды сауықтыру, демалу және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру жөніндегі өңірлік штабтың отырысы өткізілді.
Кеңеске онлайн/оффлайн форматта: жауапты басқарма және департамент басшылары, балаларды сауықтыру, демалу және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру жөніндегі өңірлік штаб мүшелері, қала/аудан әкімдерінің орынбасарлары және білім бөлімдерінің басшылары қатысты.
Жиынның күн тәртібіне сай Департамент басшысы Б.Масалимова жыл бойы және маусымдық негізде жұмыс істейтін, балалардың демалысы мен сауықтыруын ұйымдастыратын ұйымдардың білім беру қызметін лицензиялау сұрақтары бойынша баяндады.