«Конституциялық реформалар жағдайындағы білім беру жүйесіндегі адам құқықтарын қорғау тетіктері» атты дөңгелек үстел

«Конституциялық реформалар жағдайындағы білім беру жүйесіндегі адам құқықтарын қорғау тетіктері» атты дөңгелек үстел
    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің ұйымдастыруымен өткен «Конституциялық реформалар жағдайындағы білім беру жүйесіндегі адам құқықтарын қорғау тетіктері» атты дөңгелек үстел жұмысына Абай облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті және департамент жанындағы Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес мүшелері, Семей қаласының бірқатар мектептерінің педагогикалық әдеп кеңестері төрағалары және ардагер ұстаздар қатысты.
     Іс-шара барысында қатысушылар конституциялық реформалар аясында білім беру жүйесінде адам құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін талқылады. Педагогтердің құқықтары мен міндеттері, кәсіби әдеп қағидаттарын сақтау, білім алушылардың құқықтарын қамтамасыз ету және құқықтық мәдениетті арттыру бағытындағы тетіктер кеңінен сөз болды.
    Дөңгелек үстелде жаңа конституциялық нормалардың білім саласына ықпалы, педагог мәртебесін нығайту, академиялық адалдық пен жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша пікір алмасу өтті. Қатысушылар ұсыныстарын білдіріп, құқықтық кепілдіктерді тиімді іске асыру жолдарын қарастырды.
     Аталған іс-шара білім беру жүйесінде адам құқықтарын қорғау механизмдерін жетілдіруге, педагогтердің кәсіби қызметіне қолайлы әрі әділ орта қалыптастыруға бағытталған маңызды алаң болды.