
2025 жылдың қорытындысы бойынша Абай облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы облыстық білім басқармасының аппараттық жиынында білім беру жүйесінің сапа көрсеткіштері туралы баяндама жасады.
Жиында өңірдегі білім беру ұйымдарының қызметі, педагогтердің сапалық құрамы, білім сапасының динамикасы, сыртқы және ішкі бағалау нәтижелері, мемлекеттік аттестаттау қорытындылары және анықталған жүйелі тәуекелдер жан-жақты талданды. Сонымен қатар педагогтердің кәсіби даярлығы, функционалдық сауаттылық деңгейі, басқарушылық және әдістемелік сүйемелдеуді күшейту қажеттілігі ерекше атап өтілді.
Талдау нәтижелері білім сапасын арттыру үшін педагогтердің пәндік-әдістемелік құзыреттілігін күшейту, ішкі бағалаудың объективтілігін қамтамасыз ету, біліктілікті арттыру жүйесін жетілдіру және басқарушылық бақылауды жүйелеу бағытында нақты шаралар қабылдау қажет екенін көрсетті.
Жиын қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының қызметін жетілдіруге бағытталған ұсынымдар беріліп, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды.