
Департамент басшысы Б.Масалимованың бастамасымен Семей қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары басшыларына арналған лицензиялау және біліктілік талаптары бойынша түсіндірме жиын өткізілді.
Іс-шараға облыстық білім басқармасының өкілі, қалалық білім бөлімінің мамандары және мектепке дейінгі ұйым басшылары қатысты.
Кездесу барысында:
📍 мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау тәртібі мен кезеңдері,
📍 кадрлық талаптар, материалдық-техникалық база, санитариялық және қауіпсіздік нормалары,
📍 цифрландыру және инклюзивті білім беру мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар күн тәртібінде:
✔Педагог мәртебесі туралы заң талаптарын іске асыру,
✔Мемлекеттік аттестаттау шаралары,
✔Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және адалдық қағидаттары қаралды.
Лицензиялау – бұл тек бақылау емес, балалар үшін қауіпсіз, сапалы және заңды білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, алдағы жұмыстар бойынша түсіндірмелер ұсынылды.