«Үздік 100 мектеп»

«Үздік 100 мектеп»
     Оқу жылының қорытындысы ретінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен ел бойынша «Үздік 100 мектеп» тізімі жарияланды. Абай облысынан 5 мектеп еліміз бойынша үздік деп танылды!
🏆 Облыс  мақтанышына айналған білім беру ұйымдары:
🔹Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің "Шәкәрім атындағы көпбейінді № 5 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
🔹Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің "Ыбырай Алтынсарин атындағы № 37 гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
🔹 Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің "№ 17 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
🔹 Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің "Қалалық көпбейінді қазақ мектеп - гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
🔹 Абай облысы білім басқармасының Аягөз ауданы білім бөлімінің «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
       «Үздік мектеп-2025» марапатын Аймақ басшысы Берік Уәлиұлы және Абай обылысының  білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері арқылы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың атынан табыстады.
       Биыл өңірде 100 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтайды. 5478 оқушы 11 сыныпты бітіріп, жаңа өмірге жолдама алады. Оның 362-сі – «Алтын белгіге» үміткер.