Елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы мемлекет басшысының тапсырмасымен қарқынды жүзеге асырылуда. Оқу-ағарту министрлігі тарапынан жоба шеңберінде оқушы орындарының тапшылығы, апатты мектептер, үш ауысымды оқыту мәселелері шешімі ұтымды ұйымдастырылды.
Қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға басымдық бере отырып, салынған мектептердің жартысы ауылдық жерлерде бой көтергені де қуантады.
Балалар үшін жасалған жағдай келесіден көрініс тапты: бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін бөлек блоктар қарастырылған, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың кедергісіз жүріп-тұруына мүмкіндік жасалған.