Азамат Панбаев Хорватия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

Азамат Панбаев Хорватия Республикасының  Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Хорватия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі – Рефик Шабанович сондай-ақ Хорватияның даму және қайта құру банкінің Басқарма Төрағасы Хрвойе Чувало бастаған Хорватия Республикасынан келген делегациямен кездесу өткізді.

Іс-шара аясында өңдеу өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері және «Agro Holding Bayan» ЖШС Эко - сүтті емдік-профилактикалық тамақ өнімдерін өндіру бойынша кешен салу жобасын іске асыру мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы жобалардың маңыздылығын, ынтымақтастық перспективаларын, сондай-ақ инвестициялық байланыстарды кеңейту мақсатында елдер арасындағы әріптестік қатынастарды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Рефик Шабанұлы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, екі елдің ынтымақтастығын дамыту Қазақстан мен Хорватия арасындағы өзара тиімді әріптестіктің кепілі екенін атап өтті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Тараптар сындарлы диалог үшін бір-біріне ризашылықтарын білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың маңыздылығын атап өтті.