Ертең, 15 сәуір ЕХРО көрме орталығында Automechanika Astana 2025 халықаралық көрмесі өтеді.

Ертең, 15 сәуір ЕХРО көрме орталығында Automechanika Astana 2025 халықаралық көрмесі өтеді.

Орталық Азиядағы ең ауқымды индустриалды іс-шараға 22 мемлекеттен 350-ден астам мекеме қатысады. Қатысушылар автокомпоненттер, техникалық қызмет көрсету және көлік технологияларындағы инновацияларды ұсынады.

Журналистерге сұхбат сағат 10:30-да өтеді. 11.00 салтанатты ашылу рәсімі.  

Іскерлік бағдарлама аясында көлік саласының аймақтық және жаһандық трендтері, өндірісті жергіліктендіру, цифрлық шешімдер мен инвестициялық мүмкіндіктер талқыланады.

Көрменің басты аймақтары:

Automechanika Live Stage — шеберлік сабақтары, сарапшылар пікірлері мен интерактивті форматтағы платформа

SIM Racing — кәсіби автосимуляторлармен виртуалды жарыс аймағы

Эксклюзив автокөліктер аймағы — Қазақстандағы ең сәнді және заманауи автокөліктердің бірегей көрмесі

 

📞 Аккредитация: Айерке Қабди +7 700 968 8204

https://exhibition.techno-light.kz/event.php?id=34&utm_source=mediaemail