Машина жасаушылар күні: кәсіпқойлық пен іске берілгендікті қадірлеу

Машина жасаушылар күні: кәсіпқойлық пен іске берілгендікті қадірлеу

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Машина жасаушы күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Шараға машина жасау саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты. Құттықтау сөзді Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейісбеков айтты.

«Жылдар бойы еліміздің машина жасау саласын қалыптастыру және дамытудың қажылы еңбегіне бар үлесін қосқан машина жасаушыларға мың алғыс. Бүгін машина жасау саласы – тәуелсіздіктің тірегі, экономикалық өсімнің драйвері болып отыр.», – деді Азамат Бейісбеков.

Машина жасау саласы – кез келген заманауи индустриялық дамыған мемлекеттің технологиялық болашағына жол ашатын локомотив. Әрбір машина жасаушы – болашаққа үлкен үлес қосып жүрген өз ісінің шебері.

Вице-министр машина жасау саласының өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 18%-ды құрап отырғанын атап өтті. Салада 4 мыңнан астам компания және 65 мыңнан астам жұмыс істеп жатыр. 2023 жылдың қорытындылары бойынша машина жасау өнімін шығару көлемі 4 трлн теңгеге жеткен, ал нақты көлем индексі 29,4% құрады. Бұл өңдеу өнеркәсібіндегі ең жоғары көрсеткіш.

Іс-шараның маңызды сәттерінің бірі марапаттау рәсімі болды. Азамат Бейісбеков 23 үздік қызметкерлер мен сала ардагерлеріне «Құрметті машина жасаушы» төсбелгілерін табыс етті.

«Қазақстан машина жасаушылар одағының» Басқарма төрағасы Мейрам Пшембаев 6 маманға сіңірген еңбегі үшін құрмет грамотасын табыстады.

Марапатталғандар арасында «Қазақстан автомобиль одағы» ЗТБ, «СарыаркаАвтоПром» ЖШС, «Агромашхолдинг KZ» АҚ, «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС, «Hyundai Trans Auto» ЖШС, «Kazrost Engineering Ltd.» ЖК, «СемАЗ» ЖШС, «ТЫНЫС» АҚ, «Азиякотломаш» ЖШС, «ЗЭО «Астық» ЖШС, «СОЛО ЛЛП» ЖШС, «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» ЖШС, «Локомотив құрылыс зауыты» АҚ, «ЭКЗ Сервис» ЖШС, «БатысМұнайГазЖабдықтары» ЖШС, «AZAM-KC» ЖШС, «AVAGRO» ЖШС, «Уральскагрореммаш» АҚ, «Қазақстанның өнеркәсіптік инвесторлар одағы» ЗТБ, сондай-ақ «Инкар-I» ЖШС, «811 Авторемонтный завод КИ» АҚ және «Қарағанды ​​турбомеханикалық зауыты» ЖШС өкілдері болды.

«Біз автоматикалық газ тарату станциясын жасаймыз. Қазақстан Республикасында газ таратуда, қамту саласында өз үлесімізді қосып жатырмыз. Бүгін марапатталғаныма өте қуаныштымын», – деп «БатысМұнайГазЖабдықтары» ЖШС өндіріс шебері Талғат Түркпенов әсерімен бөлісті.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстанның машина жасау кешенінің гүлденуіне лайықты үлес қосып жүргендер азаматтарды зор кәсіби мерекесімен құттықтап, еңбектері үшін алғысын білдіреді.

 

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі