Қоңыр көмірден биологиялық белсенді гуминді препараттар алу технологиясы
Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитетіне қарасты «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Д.А. Қонаев атындағы Тау-кен істері институты» филиалының ғалымдары Қазақстанда алғаш рет қоңыр көмірдің жаңа нысанынан гуминдік препараттарды және жабайы өсімдіктердің сығындылары негізінде биологиялық белсенді препарат-адаптогенді шығарып оны өндірісте тәжірибеден өткізіп, шаң басу технологиясы дайындалды.
Қазақстанда 50 млрд.тоннадан астам тау-кен өндіру кәсіпорындарының қалдықтары және атмосфераны түрлі газдар, шаңмен ластайтын кондициясы төмен қоңыр көмірдің едәуір көлемін іске жарамды ету жолдары анықталды.
Техногендік объектілерде шаң түзілуін басу және тұрақты өсімдік жамылғысын жасаудың жаңа технологиясы тау-кен өндіру кәсіпорындарындағы биологиялық рекультивациямен тікелей байланысты және кен өндірістерінің техногендік минералды түзілімдерін кәдеге жарату, оларды қайта өңдеу әдістері, сондай-ақ ұзақ мерзімде сақтауға қамтамасыз ету бағытын дамытуға айтарлықтай әсер ететіндігіне көз жеткізілді.
Әзірленген технология Жезді кен байыту фабрикасының қалдық қоймасында өткізілді. Өндірістік зерттеулердің нәтижесінде желдің жылдамдығы 2-10 м/с болғанда шаң бөлінуінің 85%-ға төмендегенін көрсетті.
"Бұл технологияны тираждау тек тау-кен байыту кешені кәсіпорындарында ғана емес, сонымен қатар жылу станцияларының қож үйінділерінде, мұнайдан ластанған топырақтарды қалпына келтіруде және жол құрылысындағы шаңды басуда да қолдануға болады. Сондай-ақ препарат-адаптогеннің көмегімен Батыс Қазақстан аймағындағы сортаң жерлерінде жемшөп өсімдіктерін өсіруге де болады", - дейді топ жетекшісі, техника ғылымдарының докторы, профессор Н. Жалғасұлы.
Маңызды және әлеуметтік-экологиялық әсері: бір жағынан, үйінділерді өңдеуге кондициясы төмен қоңыр көмірді қолдану арқылы, ал екінші жағынан – шаңды техногендік үйінділердің (хвостохранилище) бетіне жасыл массив егу арқылы рекультивациялау. Мұның бәрі іргелес аумақтардағы экологиялық жағдайды жақсартып қана қоймай, жергілікті халықты жұмыспен қамтамасыз ететін жағдай туғызып, одан туындайтын ауру түрлерін азайтып әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал етеді.