Көптеген жылдар бойы «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК филиалы «Қазмеханобр» мемлекеттік өнеркәсіптік экология ғылыми-өндірістік бірлестігі» жаңа технологияларды әзірлеуді және оларды өндіріске енгізуді жүзеге асырып келеді.
Бұл қызметтің оң нәтижесінің жарқын мысалы «ФИК Алел» АҚ-да берік көміртекті-мышьякты өнімдерден алтын алудың бірегей инновациялық технологиясын – HiTeCC (High Temperature Caustic Conditioning) енгізу. HiTeCC технологиясы – бұл, бұрын үйіндіге жіберілетін сорбциялық шаймалау (CIL) қалдықтарын, жоғары температуралы сілтілі өңдеу.
Қазмеханобр және BIOMIN (Оңтүстік Африка) компаниясының консультативтік қатысуымен Технологиялық регламент, сондай-ақ «ФИК Алел» АҚ Суздаль учаскесінде ағымдық және ескі CIL қалдықтардан алтынды толықтай алу үшін HiTeCC цехын салуға арналған жоба мен жұмыс құжаттамасы әзірленді.
Технология – «preg-robbing» көміртекті материалдан алтынды ерітіндіге десорбциялау және одан кейін белсендірілген көмірмен алтынды сорбциялы алу үшін жоғары температурада натрий гидроксиді ерітіндісімен CIL қалдықтарын өңдеуді қамтиды.
HiTeCC цехы Қазмеханобр мамандарының авторлық қадағалауымен салынып, пайдалануға берілді. HiTeCC ыстық цианирлеу цехы Қазақстанда бірінші, ал әлемде екінші болып есептеледі (біріншісі Австралияда салынған). Игеру барысында барлық жобалық көрсеткіштерге қол жеткізілді – өңдеу көлемі, тауарлық өнімдегі алтынды алу және шығару –Доре қорытпасы, осының нәтижелері бойынша Қазмеханобр енгізу актісін алды.
HiTeCC цехы бүгінгі күнге дейін, тау-кен жұмыстарының технологиялық қалдықтарынан алтын алуда табысты жұмыс істеп тұр. Бұл ретте, негізгі өндіріс қалдықтарынан 50-60%-ы алтын алынады, өзіндік құны салыстырмалы түрде төмен, жылына қосымша 300-400 кг алтын өндіріледі.
HiTeCC технологиясының келешегі зор. Бұл технология Қазақстан Республикасында алтын өндіруді ұлғайта отырып, берік көмірлі-мышьякты өнімдерін және алтын өндіретін кәсіпорындардың техногендік қалдықтарын өңдеу мәселесін шешеді.
спублики Казахстан Қазіргі уақытта осы технологияны Қазақстан Республикасының басқа алтын өндіру кәсіпорындарында қолдану жағдайлары қарастырылуда. HiTeCC технологиясын қолданудың перспективалы объектілерінің бірі Қазақстанның Шығысында орналасқан Васильевский кен орнының көмірлі- мышьякты кенінен алынған флотоконцентрат болып есептеледі. Алдын ала жасалған сынақтар HiTeCC технологиясын пайдалану кезінде алтынды алу 10%-дан астам өскенін растады.