Қанат Шарлапаев Samsung Electronics Central Eurasia өкілдерімен кездесті

Қанат Шарлапаев Samsung Electronics Central Eurasia өкілдерімен кездесті

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Samsung Electronics Central Eurasia Басқарма Төрағасы Чу Минки бастаған Samsung Electronics Central Eurasia өкілдерімен кездесу өткізді.

Іс-шара аясында Samsung брендімен Silk Road Electronics зауытының базасында (Қарағанды облысы, Саран қаласында) тұрмыстық техника мен электроника өндіру жөніндегі жобаны іске асыру мүмкіндігі мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі жобаның маңыздылығын, ынтымақтастық перспективаларын, сондай-ақ инвестициялық байланыстарды кеңейту мақсатында елдер арасындағы әріптестік қатынастарды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Samsung Electronics Central Eurasia Басқарма төрағасы Чу Минки қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, осы жоба шеңберіндегі екі елдің ынтымақтастығы Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы өзара тиімді қатынастардың кепілі болып табылатынын атап өтті.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Тараптар сындарлы диалог үшін бір-біріне ризашылықтарын білдіріп, екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың маңыздылығын атап өтті.