Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде 2023 жылдың қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде 2023 жылдың қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Серікұлы Панбаев өз сөзінде өңдеу өнеркәсібі секторының жұмыс қорытындыларымен бөлісті, 2023 жылы көлемі 21,6 трлн теңгені құрайтын осы саланың оң өсу серпінін атап өтті. Нақтылап айтқанда, ағаш өңдеу секторларында – 38%, машина жасауда – 25,4%, жеңіл өнеркәсіпте – 12,2%, құрылыс индустриясында - 6,1%. Сондай-ақ, инвестициялар көлемінің 11,2% - ға өсуі байқалды, сондай-ақ көлік құралдарын өндіруге инвестициялардың 7 есе, киім-кешек 5,6 есе, жиһаз 4 есе және автоөнеркәсіпке 3,5 есе ұлғайған.

Бұдан басқа, өнеркәсіп және құрылыс министрлігі комитетінің төрағасы 170 инвестициялық жобаның іске қосылуы туралы деректермен бөлісті, оның ішінде: хром концентратын шығаратын ERG Green байыту фабрикасы, Қарағанды облысында арнайы кокс өндіру жобасы, Тұрмыстық техника өндіретін Сарандағы "ARTEL" зауыты, Астанада металл шатыр элементтерін және қаптау материалдарын шығару зауыты. Сондай-ақ, 1,5 мың жұмыс орнын қамтамасыз ететін Kia автомобиль шығаратын зауыт құрылысының басталуы туралы айтылды.