2024-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ, ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША БАҒДАРЛАМАЛЫҚ-НЫСАНАЛЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕ КОНКУРС ӨТЕТІНДІГІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

2024-2026 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ, ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР БОЙЫНША БАҒДАРЛАМАЛЫҚ-НЫСАНАЛЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕ КОНКУРС ӨТЕТІНДІГІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (бұдан әрі - Комитет) 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Конкурс бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың басым бағыттары: "Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар" және "Энергия, озық материалдар және көлік" бойынша өткізіледі.

Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтінімді ресімдеу мәселелері бойынша 8(7172) 64-85-17; 64-85-56 телефон нөмерлері арқылы хабарласуға болады. Жұмыс уақыты:  дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Конкурстық өтінімдер Комитетке «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы бағдарламаның ғылыми жетекшісінің және өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрде https://is.ncste.kz. сілтемесі бойынша беріледі.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 10-қаңтардан бастап  2024 жылғы 8-ақпан арналығында (қоса алғанда).

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесімен (is.ncste.kz) жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-02 (ішкі нөмерлері 207, 208, 210, 211, 212, 214, 215, 216, 217, 219, 220, 222, 223, 224, 226, 227, 228). Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:00-ға дейін, түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:00-ға дейін.

Өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі конкурс жарияланған кезден бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн өткеннен кейін бітеді.

Конкурстық құжаттама