Аяқ киім бизнес нарығы «ақталуда» - тауарларды қадағалау жүйесінде кәсіпкерлер жұмысының белсенді жұмысы тіркелінді

Аяқ киім бизнес нарығы «ақталуда» - тауарларды қадағалау жүйесінде кәсіпкерлер жұмысының белсенді жұмысы тіркелінді

2023 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда аяқ киім өнімдерін таңбалау және қадағалау ережелері толық күшіне енді. Осы кезеңнен бастап тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде тіркелмеген аяқ киімді сатуға тыйым салынады.

2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша таңбалау жүйесінде аяқ киім тауарларының айналымына 1 056 жаңа қатысушы тіркелді және 34 миллионнан астам таңбалау коды қолданылды, бұл өткен жылғы көлемнің 109% құрайды. Қадағалау жүйесінде аяқ киім тауарларының айналымнан алып тастау пайызы рекордтық көрсеткіш  көрсетеді – 8,3 млн. немесе қолданылған кодтар санының 24% құрайды (салыстырсақ, 2022 жылы бқл көрсеткіш 1,3% құрады), бұл аяқ киім бизнесінің таңбалау және қадағалау жүйесіндегі даму барысын көрсетеді.

Бірыңғай оператор түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда, ол кеден, уәкілетті экономикалық операторлар мен кеден брокерлерінен бастап, базарлардағы импорттаушылар, көтерме және бөлшек саудамен айналысатын барлық тізбек бойынша аяқ киім тауарларының айналымына қатысушылармен бірқатар кездесулер өткізуде. Кездесулер барысында кәсіпкерлерге тауарларды қадағалау ережелерінің барлық техникалық және нормативтік егжей-тегжейлері түсіндіріліп, жүйенің негізгі мақсаты Қазақстандағы тауар айналымын ашық ету, сол арқылы елдегі аяқ киімнің көлеңкелі импорты мен заңсыз айналымына жол бермеу екені тағы бір мәрте еске салынды. Ресми деректерге сүйенсек, бұл саладағы көлеңкелі экономика статистикасы 48 пайызды құрайды, яғни әрбір екінші жұп аяқ киім елге заңсыз әкелінеді.

Еске салайық, Қазақстанда таңбалау және қадағалау жүйесі үш өнім тобына қолданылады: темекі, аяқ киім және дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды кезең-кезеңімен енгізу. Қазақстанда тауарларды таңбалау және қадағалау ережелері ЕАЭО-да тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісім, сондай-ақ, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы аясында енгізілді.