Металлург - ғалым Малышев Виталий Павловичті мерейтойымен құттықтау

Металлург - ғалым Малышев Виталий Павловичті мерейтойымен құттықтау

Металлург-ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик Е.А. Бөкетов атындағы сыйлықтың лауреаты Малышев Виталий Павловичті мерейтойымен құттықтаймыз!

Малышев Виталий Павлович Орал политехникалық институтын (Свердловск, қазір УГТУ-УПИ, Екатеринбург) тәмәмдаған соң, еңбек қызметі 1959 жылы Химия-металлургия институтында басталды.

В.П. Малышевтің 1967 жылы зерттеу нәтижелері бойынша кандидаттық, 1982 жылы докторлық диссертациясы қорғалды. В.П. Малышвтың ғылыми еңбегін мойындауда оған профессор (1982 ж.), Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (1995 ж.) және Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (2012 ж.) атағы берілген, сонымен қатар «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы ерен еңбегі үшін» (2001 ж.) төсбелгісімен марапатталған. Хаотизацияланған бөлшектер концепциясы бойынша жұмыс цикілі үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйақысына жұмыс жетекші ретінде лайық болды, оған ғылым мектебіне қосқан үлесі үшін  академик  Е.А. Бөкетов атындағы сыйақы берілді. Көп жылдар бойы ИОСУ жанындағы, содан кейін ҚарМУ-дың  физикалық және органикалық химия аймағындағы докторлық диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңес мүшесінде, Химия-металлургиялық институтының қара,түсті және сирек металдар металлургиясы бойынша докторлық және кандидаттық диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңестің төрағасы болып табылады. Ол ҚР ҒМ-ҒА Орталық-Қазақстан бөлімінің Бюросының мүшесі болған.

Академик В.П.Малышев «Автоматика-Информатика», «Минералды шикізатты кешенді пайдалану», «Вестник КарГУ», «Industrial technology and engeneering» журналдарының редакция алқасы мүшесі.

Барлық негізгі ғылыми бағыты бойынша В.П.Малышев 1000-нан астам ғылыми еңбектің, соның ішінде 36 кітап және монография, 98 КСРО авторлық куәлігі және ҚР патенттері, АҚШ, Швеция, Канада, Австралия, ФРГ, Финляндия, Япония, Италия, Франция, КНР, Ұлы Британия елдерінің  32 патенттердің авторы, сонымен қатар қазақстандық, халықаралық және ресейлік басылымдарда  600-ге тарта журнал мақалалары жарық көрген.

Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін В.П. Малышев 1982 жылы төс белгісімен марапатталды, 2006 жылы академик Е.А. Букетов, ал 2016 жылы Әл-Фараби атындағы күміс медальіне ие болды.

Қазіргі уақытта профессор Малышев В.П. Қазақстандағы химия ғылымы саласындағы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жобаның ғылыми бірлескен меңгерушісі ретінде негізгі ғылыми зерттеулер жүргізеді.

Ж. Абишев атындағы Химия-металлургия институтының Ғылыми Кеңесінің мүшесі.

2012 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі.

В.П. Малышев - Қазақстан Республикасының Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының (2012 ж.) толық мүшесі.

2015 ж. аралығында Қарағанды ​​мемлекеттік техникалық университетінің (ҚарМТУ) докторлық диссертациясын қорғау жөніндегі диссертациялық кеңесінің 6D070900 «Металлургия» мамандығы бойынша мүшесі болды.

Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, амандық, көтеріңкі көңіл-күй, қоғам мен мемлекет игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілейміз. Сіздің өміріңіз әрдайым әріптестердің құрметі мен қолдауына, туған-туысқандар мен жақындардың жылуы мен сүйіспеншілігіне, нағыз адам бақытына, оптимизмге толы болсын.

Сізге және жақындарыңызға бейбітшілік, мейірімділік, бақыт тілейміз!