Алюминий саласындағы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету бойынша келісімге қол қойылд

Алюминий саласындағы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету бойынша келісімге қол қойылд

2021 жылғы 21 қазанда Astana Mining & Metallurgy 11-ші тау-кен металлургиялық конгресі аясында алюминий саласындағы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз ету бойынша үш жақты келісімге қол қою рәсімі өтті.

Келісімге ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары арасында қол қойылды.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында отандық қайта өңдеу өндірістерін шикізатпен толыққанды жүктеу мәселесін көтерген болатын.

Келісім мақсаты - тараптардың ұзақ мерзімді, тиімді және өзара тиімді ынтымақтастығын нығайту және дамыту, кәсіпкерлік қызметті қолдау, тең құқықтық, ашықтық, парасаттылық және өзара құрмет қағидаттары негізінде қазақстандық қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту.

Осы Келісімге сәйкес "Қазақстан электролиз зауыты " АҚ өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын толық көлемде және төмендетілген бағамен шикізатпен қамтамасыз етеді. Осылайша, кәсіпорындарға алюминийді бәсекеге қабілетті бағамен сатып алуға мүмкіндік беріледі.

Өз кезегінде, өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары жоғары қайта өңделген өнім шығаруды қамтамасыз етуге, өндіріс көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ алынатын шикізаттың бүкіл көлемін өңдеуге тиіс.

Бұл шара өңдеу өнеркәсібінің отандық кәсіпорындарының жүктемесін арттыруға мүмкіндік береді.