Қазақстан мен Латвия экономикалық, өнеркәсіптік, ғылыми және техникалық ынтымақтастық мәселелері бойынша Қазақстан-Латвия үкіметаралық комиссиясының көлік жөніндегі жұмыс тобының 3-ші отырысын өткізді

Қазақстан мен Латвия экономикалық, өнеркәсіптік, ғылыми және техникалық ынтымақтастық мәселелері бойынша Қазақстан-Латвия үкіметаралық комиссиясының көлік жөніндегі жұмыс тобының 3-ші отырысын өткізді

Қазақстан мен Латвия арасындағы көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі жұмыс тобы бүгін Алматыда Латвия Республикасы қатынас Министрлігі Мемлекеттік хатшысының орынбасары Улдис Рэйманистің Қазақстанға сапары аясында өтті.

Тараптар «airBaltic» Латвия Ұлттық авиатасымалдаушысы орындайтын Алматы мен Рига қалалары арасындағы тұрақты жолаушылар әуе қатынасы елдеріндегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай қайта жаңғыртуға мүдделі.

Қатысушылар Қазақстан-Латвия транзиттік-көліктік ынтымақтастығы сегментіндегі теміржол тасымалдарының басым маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Латвия аумағы арқылы Азиядан Еуропаға халықаралық көлік дәлізін іске асырудан түсетін экономикалық пайданы, сондай-ақ шектес мемлекеттерді талқылады және жүктерді жеткізу мерзімі мен тауарлардың айналымы тұрғысынан осы бағыттың басқа балама халықаралық көлік дәліздерімен салыстырғанда үлкен артықшылықтары бар екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Тараптар Латвияның порттары мен теміржол инфрақұрылымын пайдалана отырып, Қазақстаннан Еуропаға тауарлар экспортын және кері бағытта жүк тасымалын дамытуды жалғастыруға келісті.