«Модельдік цифрлық фабрикалар» жобасын іске асыру

«Модельдік цифрлық фабрикалар» жобасын іске асыру

Бүгінгі таңда елімізде Индустрия 4.0 технологияларын енгізуді ынталандыру мақсатында тәжірибелік әсерін көрсету үшін "Модельдік цифрлық фабрикалар" жобасы іске асырылуда. Жобаға қатысушы кәсіпорындар («Химфарм» АҚ, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Евразиан Фудс» АҚ, «Алтыналмас АК» АҚ, «Карлскрона» ЖШС, «Алматы желдеткіш зауыты» ЖШС, «Бал Текстил»ь ЖШС) жалпы инвестиция сомасы 10,4 млрд теңгені құрайтын 49 жобаны іске асырып жатыр.  

Мысалы, "Химфарм" АҚ фармацевтикалық компаниясы 6 жобаны іске асырды. «Ақылды техникалық қызмет көрсету» жобасы жабдыққа предиктивті қызмет көрсетуге, өндірістік қызметке зиян келтірмей жөндеу жұмыстарын жоспарлауға, сондай-ақ жұмыс пен қосалқы бөлшектер үшін қаражатқа қажеттілікті болжауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, кәсіпорынның маңызды жобаларының бірі - "Power Map QA өнімдердің сапасын басқару" деп аталады. Бұл жүйе өнім сапасын арттыруға бағытталған. Өнімнің барлық циклында, яғни жеткізуден бастап және өндіріс кезінде материалдың сапасын бақылауға мүмкіндік береді.

"KARLSKRONA LC AB" машина жасау зауытында 3 жоба пайдалануға берілді. CRM клиенттермен өзара қарым-қатынасты басқару жүйесі –тұтынушылармен жұмыс істеуде бірыңғай цифрлық экожүйе құру, сату, маркетинг және клиенттік қызмет көрсету салаларында ашықтықты арттырады.  

Бұдан бөлек, өндіріс ошағында өнімді модельдеудің 3D жүйесі енгізілген. Аталмыш жүйе алдын-ала жасалған сызбаға немесе эскизге сәйкес объектінің үш өлшемді моделін құруға арналған бағдарламалық жасақтаманы қолдануға мүмкіндік береді. 3D модельдеу жобасы пайдалануға берілді. Қажетті лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету, модульдер мен компоненттер сатып алынып, қызметкерлер ProCAST жүйесін қолдануға оқытылды. Бүгінгі таңда жүйе кәсіпорында сәтті жұмыс істеп тұр.  

"Алтыналмас АК" АҚ алтын өндіру компаниясы "Цифрлық кеніш" жобасы аясында 12 жобаны іске асырып жатыр. Мысалы, Wencomine тау-кен жабдығын басқару жүйесі негізінде Ақтоғай жобасында Ашық тау-кен жұмыстарын диспетчерлеу нақты уақыт режимінде қызметкерлердің жұмыс уақыты мен тұрып қалуына мониторинг жүргізуге, тиеу пункттері бойынша автосамосвалдарды оңтайлы бөлуге (қайта бөлуге), тұрып қалуын қысқартуға, сондай-ақ қызметкерлер мен техниканың негізгі көрсеткіштеріне (KPI) жан-жақты талдау мен бағалау жүргізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, орталық қоймада штрихкодтау жүйесі енгізілген. MS Dynamics Axapta (кәсіпорын ресурстарын басқару жүйесі) бағдарламалық шешіміне негізделген қоймада штрих-кодтау жүйесін қолданады. Бұл нақты уақыт режимінде орталық қойма жұмысын бақылауға жол ашады.  

Сонымен қатар, цифрландыру жобаларын іске асырудың оң әлеуметтік әсері бар. Мысалы, "Ақбақай" және "Ақтоғайда" ұйымдастырылған инфрақұрылым шеңберінде "Алтыналмас АК" АҚ жақын маңдағы елді мекендерді ғаламтор желісімен қамтамасыз етті. Бұл пандемия кезеңінде қашықтықтан білім беруге қиындықсыз көшуге және жалпы өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік берді.

Бұл жобаға қатысушылар алдағы уақытта өз салаларынан бөлек басқа бағыттарда да цифрлық технологияларды енгізудің драйверлеріне айналады.