Бейбіт Атамқұлов «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ның жұмысымен танысты

Бейбіт Атамқұлов «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ның жұмысымен танысты

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ басшылығымен көшпелі кездесу өткізді.

Зауыт жетекшілігі ИИДМ басшысын кәсіпорынның негізгі өндірістік цехтарының жұмысымен таныстырды. Айта кетейік,  мұнда тартқыш жылжымалы құрамның жылына 100 бірлігі шығарылады.

General Electric Transportation компаниясының лицензиясы мен технологиясы бойынша жүк, жолаушылар және маневрлік тепловоздар өндірісі 2010 жылдан басталған болатын.

Бүгінгі күні зауытта жүк (ТЭ33АС), жолаушылар (ТЭП33А) және маневрлік (ТЭМ11А) тепловоздары шығарылады.

Отандық өнімнің негізгі артықшылықтарына келер болсақ, қызмет ету мерзімі мен жөндеу аралық кезенінің ұзақтығы, орнатылған өзіндік диагностикалау жүйесі және бос жүрістегі дизель отынының аз шығыны болып табылады.

Кәсіпорын іске қосылған сәттен бастап 416 тепловоз өндірілген. Оның 35-і Тәжікстанға, Әзірбайжанға, Түркіменстанға, Украинаға, Қырғызстан мен Молдоваға экспортқа шығарылды.

Кездесу барысында «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ президенті Марат Тілеубаев барлық локомотивтердің техникалық сипаттамалар мен қауіпсіздікке сәйкестігін тексеру мен сынаудың толық циклынан өтіп жатқанын атап өтті. Өндіріс ошағында 570-тен астам жұмыс орны ашылған.

Жалпы, 2010 жылдан бастап 11 мыңнан астам торап пен  бөлшек оқшауландырылды. Бұл құрамдас бөліктердің жергілікті қамтудың 74% -дан астам деңгейіне жетуге мүмкіндік берді.

Бейбіт Атамқұлов кәсіпорынның экспорттық әлеуетін дамытуға баса назар аудару қажеттілігін алға тартты.

Анықтамалық:

Кәсіпорын ТЭ33АС сериялы қуаттылығы 3356 квт болатын, техникалық жағынан алдыңғы қатарлы және үнемді, бір секциялы магистральдық жүк тепловозын шығарады. Оның ең жоғарғы жылдамдығы сағатына 120 шақырым.

ТЭП33А сериялы бір секциялы магистральды жолаушылар тепловозының қуаты 3356квт. Ол техникалық жағынан алдыңғы қатарлы және үнемді тепловоз. Ең жоғарғы жылдамдығы сағатына 160 шақырым.