Қазақстанда цемент тапшылығы жоқ, бағалар тұрақты

Қазақстанда цемент тапшылығы жоқ, бағалар тұрақты

Отандық цемент - қосылған құны бар және жергілікті құрамы 90%-дан асатын жоғары сапалы, өңделген түпкілікті өнім. Бүгінгі таңда салада 15 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың жобалық қуаты жылына 16,5 млн тонна және 20-дан астам цемент түрін шығарады.

Қазақстанда цемент тапшылығы жоқ. 2021 жылдың бірінші тоқсанында 2,13 млн тонна өндірілді, бұл өткен жылдың осы кезеңіндегі өндіріс деңгейінен 18% жоғары (1,8 млн тонна). Биылғы І тоқсанда тұтыну көлемі 1,8 млн тоннаны құрады, яғни өндірілген көлемнен 350 мың тоннаға аз.

Бүгінгі таңда зауыттарда цементтің (М400, М450, М500 маркалары) орташа сату бағасы тоннасына 21-23 мың теңге (ҚҚС қоса алғанда). Мұндай бағамен өнімді сатып алу үшін нарықтағы бағаны көтеретін сатушыларды айналып өтіп, зауыттарға тікелей хабарласуға болады.

Қазақстанда цемент өндірісінің толық жүктелмеу проблемасы бар. ҚР Ұлттық статистика бюросының дерегінше республика бойынша цементке деген жылдық қажеттілік 2020 жылы 9,6 млн тоннаны құрады. Бұл саланың жалпы қуатының 58% құрады.

Отандық өндірушілерді қолдау үшін Қазақстанда цементтің жекелеген түрлерін үшінші елдерден (ЕАЭО-дан басқа) әкелуге алты ай мерзімге тыйым салынды. Тиісті ұйрыққа 2021 жылғы 30 сәуірде қол қойылып, 24 мамырда қолданысқа енгізілді.

Мұндай тыйым өткен жылы да енгізілді.  Бұл экономикалық тұрғыдан оң нәтижесін берді. Тәуелсіздік жылдарындағы тарихи рекордқа қол жеткізіп, 10,8 млн тонна цемент өндірілді. Сондай-ақ, отандық кәсіпорындар 100 млн долларға 2 млн тоннаға жуық цемент экспорттады. Сала бюджетке қосымша 5,6 млрд теңге салық төледі.

Анықтама үшін:

Қазақстандық цемент өндірушілер ірі тапсырыс берушілермен тікелей жұмыс істеуге дайын. (цемент маркалары М400, М450, М500).

* Ақмола облысында "Көкше-Цемент" ЖШС (жобалық қуаты – 2 млн. тонна);

Алматы облысында "АлаЦем" ЖШС (жобалық қуаты - 1,15 млн.тонна.

* Қарағанды облысында - "Central Asia Cement" АҚ (жобалық қуаты – 2 млн. тонна);

  • ШҚО:
  • "Бұқтырма цемент компаниясы" ЖШС (жобалық қуаты-1,3 млн. тонна);
  • "ПК Цемент завод Семей" ЖШС (жобалық қуаттылығы-1,2 млн. тонна);
  • * "Казахцемент" ЖШС (жобалық қуаты-1 млн. тонна);
  • Шымкент қаласы:
  • "Стандарт Цемент" ЖШС (жобалық қуаты-2 млн. тонна);
  • "Шымкентцемент" ЖШС (жобалық қуаты-1,2 млн. тонна);

* Қызылорда облысында "Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы" ЖШС - (жобалық қуаты – 1,0 млн. тонна);

* Қостанай облысында "Рудный цемент зауыты" ЖШС (жобалық қуаты - 0,5 млн. тонна);

* Маңғыстау облысында "КаспийЦемент" ЖШС (жобалық қуаты-1,0 млн. тонна);

  • Жамбыл облысында
  • "Жамбыл цемент өндірістік компаниясы" ЖШС (қуаттылығы 1,5 млн. тонна);
  • * "ACIG" АҚ (жобалық қуаты 0,5 млн. тонна)

* Түркістан облысында " САС-төбе Техноледжес "ЖШС (жобалық қуаттылығы – 0,5 млн.тонна).

* уақытша тоқтатылды