
ҚР Индутрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі жоспарларын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Үкімет отырысында баяндады.
"Қазіргі уақытта біз өңірлер мен салалар бойынша 2025 жылға дейін өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі бойынша жоспарлы көрсеткіштерді айқындадық. Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібін 2025 жылға қарай 1,5 есеге арттыру жөніндегі тапсырмасын орындауды Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүзеге асырадыі", - деді министр.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібі өсімін 1,5 есеге арттыруды тапсырды. Бұл үшін салада жыл сайынғы өсім өткен жылға қарағанда орта есеппен 10,8% болуы тиіс. Бұл міндет "Нұр Отан"партиясының сайлауалды тұғырнамасына енгізілген.
2021 жылға өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексінің (НКИ) 2020 жылмен салыстырғанда 5,8% өсуі жоспарланған.
Қара металлургияда биыл НКИ деңгейі – 105% деп белгіленген.
Елімізде 2021 жылы ферроқорытпа өндірісі 10,4%, болат өндірісі 17% және прокат өндірісі 19% артады деп болжанып отыр.
2025 жылға дейін өндіріс көлемін жылына 4 млн.тонна болатқа дейін жеткізіп, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының негізгі техникалық қуатын жаңғырту аяқталады. Салынатын инвестиция көлемі 1,3 трлн. теңге.
2021 жылы мырыш өндіру көлемі 18,6%, қорғасын 18,8%, мыс концентраты 9%, алюминий өндірісі 6% ұлғайтылады.
Биыл ферроқорытпалар, құрылыс арматуралары, болат дәнекерленген құбырлар, темір және марганец кенін қайта өңдеу өндірісі көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін қосымша 6 жобаны іске қосу жоспарланған. Олар Қарағанды облысында "INDJAZ" ЖШС-нің темір және марганец кенін қайта өңдеу зауытының құрылысы, "QazCarbon" ЖШС-нің агломерациялық фабрикасы бар Сарыарқа ферроқорытпа зауытының құрылысы және басқа да ірі жобалар.
Түсті металлургияда 2021 жылға арналған жоспарлы көрсеткіш 104,5%.
Өндірістің қосымша көлемі Жәйрем кен баыту кәсіпорны, Қазминерал Ақтоғай 2 және Сәтбаев тау-кен байыту кәсіпорнының, сондай-ақ алтын шығару фабрикасының іске қосылуын қамтамасыз етеді.
Бұдан басқа, ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бастаған Қазақстан делегациясының Біріккен Араб Әірліктеріне (БАӘ) жұмыс сапары аясында БАӘ-нің Өнеркәсіп және озық технологиялар министрлігімен бірлесіп электромобильдерге арналған батареяларды әзірлеу және өндіру сияқты жаңа салаларды зерделеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді және тиісті Меморандумға қол қойылды.
Химия саласында НКИ саланың ірі кәсіпорындарының өндіріс көлемінің ұлғаюы есебінен 102% деңгейінде болуы тиіс.
2021 жылы саланың өндіріс көлемін арттыратын үш жаңа жоба іске қосылады, олар - "Мұнайхим ЛТД" ЖШС (Ақтөбе облысы, мұнай-химия реагенттерінің өндірісі), "Қазхимсинтез" ЖШС (Қарағанды облысы, өнеркәсіптік реагенттер) және "НПП Интеррин" ЖШС (Жамбыл облысы, жарылғыш заттар өндірісі).
Машина жасауда нақты көлем индексінің өсімі 113% болады деп жоспарланып отыр. "Петропавл электр техникалық зауыты" ЖШС (трансформаторлар өндірісі) және "Агромашхолдинг KZ" АҚ оқшаулау орталығы (Қостанай қаласы, ауыл шаруашылығы техникасының автокомпоненттерін өндіру) іске қосылады.
Фармацевтика саласының өндіріс көлемі биыл 105% деп жоспарланған.
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина шығаратын өндірістерді және 5 жаңа өндірісті - "Химфарм" АҚ (Шымкент қаласы), биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ (Жамбыл облысы), иммундық-биологиялық препараттар мен вакциналар шығару жөніндегі зауытты іске қосу салаға оң әсер етеді.
Жеңіл өнеркәсіпте НКИ 105% деңгейінде жоспарланып отыр.
Биыл 5,4 млрд теңге сомасына жіп, геотекстиль, киім және аяқ киім шығаратын 5 жоба іске қосылады.
2021 жылғы ірі жобалар: "АГФ Групп "ӨК" ЖШС (Шымкент қаласы, қолданбалы материалдар өндірісі), "Tulpar Textille" ЖШС (Түркістан облысы, мақта-мата иірімжіп өндірісі) және "Ультрастаб-Қазақстан" ЖШС (Атырау облысы, геосинтетикалық материалдар өндірісі).
Құрылыс материалдары өндірісінде НКИ 106% деңгейінде жоспарланып отыр.
Биыл "VALTHERM" ЖШС (Алматы қалаы, инженерлік сантехника және жылыту жабдықтарын өндіру), "Novus Polymer" ЖШС (Алматы қаласы, пластикалық профильдер және терезе алды тақтайларын өндіру) және басқаларын пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Индустрияландыру картасын іске асыру аясында 2021 жылы жалпы сомасы 2 триллион теңгеге 110 жоба іске асырылып, 12 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады.