ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Италия елшісімен және SDF group өкілдерімен кездесті

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Италия елшісімен және SDF group өкілдерімен кездесті

2021 жылғы 24 ақпанда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Италия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Паскуале Д'Авиномен және Same Deutz-Fahr group (SDF group) компаниясы өкілдерімен кездесті.

Италия елшісі италиялық кәсіпкерлердің Қазақстанға деген қызығушылығы және ЕАЭО елдері нарықтарына шығу мүмкіндігі артып келе жатқаны туралы хабарлады.
Тараптар "АгромашХолдинг" АҚ базасында Италияның "SDF group" трансұлттық холдингінің DEUTZ-FAHR ауыл шаруашылығы техникасының әлемдік брендінің өндірісін орналастыру перспективаларын талқылады.

Министр Қазақстанның өнеркәсіптік саясаты құрастыру өндірісі құрамаларын барынша оқшаулауға және өндірістік кәсіпорындардың тиімді бизнес-моделін құруға бағытталғанын атап өтті.

Анықтама үшін:

Италия – Қазақстан экономикасындағы жетекші инвестор елдердің бірі. ҚР Ұлттық банкінің дерегінше, 2005-2019 жылдары аралығында Қазақстан экономикасына тікелей салынған Италияның инвестициясы 6,7 млрд. АҚШ долларын құрады.

Машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы, тау-кен металлургия өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы сияқты салаларда инвестициялық жобалар табысты іске асырылуда.

Статистика комитетінің мәліметінше, 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда италиялық кәсіпкерлердің қатысумен 171 заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер, сондай-ақ 62 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

Қазақстан мен Италия арасындағы тауар айналымы 2020 жылы 7,6 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,1% аз (10,0 млрд. АҚШ).

2020 жылы Қазақстаннан Италияға экспорт көлемі 6,6 млрд. АҚШ долларды құрады.