Индустрия және инфрақұрылымдық даму мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті

Индустрия және инфрақұрылымдық даму мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті

2021 жылғы 23 ақпанда Индустрия және инфрақұрылымдық даму мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Отырыс барысында Қоғамдық кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Сонымен қатар, Қоғамдық кеңестің жаңа мүшелері ұсынылды, атап айтқанда Ерболат Рахметұлы Мұқаев – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің аппарат басшысы, Самат Сағынбайұлы Акишев – Парламент Мәжілісінің депутаты, Парламент Мәжілісі Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.

Бұдан басқа, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қаржы департаментінің директоры Тастамбекова Гульмира Нұрғалиқызы баяндаған 2020 жыл ішіндегі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Республикалық бюджетінің орындалуы туралы есеп тыңдалды.