Елдің коммуналдық-тұрмыстық секторы суық мезгілде көмірмен қамтамасыз етілген

Елдің коммуналдық-тұрмыстық секторы суық мезгілде көмірмен қамтамасыз етілген

2020-2021 жж. жылыту кезеңінде елдің коммуналдық-тұрмыстық секторының көмір қорымен қамтамасыз етілуі 91,2% - ды, халықтың – 98,1% - ын құрайды.

БҚО, Қызылорда, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Жамбыл облыстарының, Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының әкімдіктері халыққа көмір жеткізуді толық қамтамасыз етті.

Қазақстанның көміршілері 2020 жылдың жоспарын асыра орындап, 109 млн тонна көмір өндірді.

Өңірлерге көмір жеткізу жоспарға сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады, бұл өңірлерге халықтың жеке секторында тұратын өзінің коммуналдық-тұрмыстық шаруашылығының қажеттіліктерін уақтылы жабуға және суыққа дайындалуға мүмкіндік береді.

Қысқы кезеңде (қыркүйек – сәуір) көмірді тұтынудың елдік көлемі шамамен 10 млн тоннаны құрайды: коммуналдық-тұрмыстық сектор 2,8 млн тонна көмірді, жеке секторда тұратын халық 7,2 млн тонна көмірді тұтынады.

Анықтамалық:

- Ақмола облысы (КТҚ** – 76,1%, халқы – 100%);

- Ақтөбе облысы (КТҚ – 100%, халқы – 93,2%);

- Алматы облысы (КТҚ – 100%, халқы – 97,4%);

- ШҚО (КТҚ – 100%, халқы – 100%);

- Жамбыл облысы (КТҚ – 100%, халқы-100%);

- БҚО (КТҚ – 103,6%, халқы-142,9%*);

- Қарағанды облысы (КТҚ – 100%, халқы – 96%);

- Қостанай облысы (КТҚ – 100%, халқы – 100%);

- Қызылорда облысы (КТҚ – 100%, халқы – 108,8%);

- Павлодар облысы (КТҚ – 100%, халқы-99,1%);

- СҚО (КТҚ – 86,9%, халқы – 90,1%);

- Түркістан облысы (КТҚ – 85,5%, халқы – 93,2%);

- Нұр-Сұлтан қ. (халық саны – 100,7%);

- Алматы қ. (КТҚ – 109%, халқы – 187%*);

- Шымкент қ. (КТҚ – 100%, халқы-100%).

* - Батыс Қазақстан облысында өткен жылыту кезеңінен шамамен 1 мың тонна көмір тұйықта қалды және бұл көлем 700 тоннаны құрайтын халықтың қажеттілігін толығымен жабады.

- «Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК қоймасының сыйымдылығы бар болғаны 56 000 текше метрді құрайтындықтан, көмірдің барлық көлемін қабылдау мүмкін емес. Осылайша, көмір апта сайын және қажет болған жағдайда жеткізіледі.

* - Алматы агломерациясын ескере отырып.

**- коммуналдық-тұрмыстық қажеттілік.