ҚР ИИДМ басшысы мен түркітілдес мемлекеттер Ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы көлік рәсімдерін жеңілдету мәселелерін талқылады

ҚР ИИДМ басшысы мен түркітілдес мемлекеттер Ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы көлік рәсімдерін жеңілдету мәселелерін талқылады

Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің (ТМЫК) Бас хатшысы Бағдад Әміреевпен кездесті.

Кездесуге қатысушылар дағдарысқа қарсы бастамалар және ТМЫК шеңберінде қабылданып жатқан көлік және Индустриялық даму саласындағы шаралар туралы ақпаратпен алмасып, ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігін талқылады.

Түркі Кеңесінің Бас хатшысы ТМЫК-ға қатысушы елдердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және гуманитарлық және тұтыну мақсатындағы тауарлардың, дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтардың кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында пандемия кезеңінде Түркі кеңесі елдері арасында қабылданған Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы көлік операцияларын жеңілдету шараларын одан әрі сақтау мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

Бағдат Әміреев Түркі Кеңесіне қатысушы елдердің ұстанымдарын жақындастыру және өзара қарым-қатынастардың барлық бағыттары бойынша ынтымақтастықты тереңдету үшін «Түркі әлемі - 2040» стратегиясын әзірлеуді бастағанын айтып, ҚР ИИДМ-нен өз ұсыныстарын енгізуді және жетекшілік ететін бағыттар бойынша перспективалық «жол картасын» жасауды сұрады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Түркі кеңесі елдері арасындағы «Еркін аспан» тұжырымдамасын дамыту аясында Covid-19 тудырған сынақтар мен мәселелер бойынша бейнеконференция өткізіп, авиациялық әкімшіліктер мен авиакомпаниялар арасындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын белгілеуді ұсынды. Сондай-ақ, министр ТМЫК әкімшілігі мен елдерін Түркістан қаласындағы Халықаралық әуежайдың тұсаукесеріне шақырды.