Қазақстанда жарықдиодты шамдар шығаратын зауыт салу жоспарлануда

Қазақстанда жарықдиодты шамдар шығаратын зауыт салу жоспарлануда

Қазақстанда жарықдиодты шамдар шығаратын зауыт салу жоспарлануда. Осы жобаны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті, "KAZAKH INVEST" Ұлттық компаниясы және BK Technology Co., Ltd компаниясы арасында өзара түсіністік туралы Меморандум жасалды.

Өз кезегінде комитет пен KAZAKH INVEST жобаның артықшылықтарын, соның ішінде кедендік салықтан және импортқа салынатын ҚҚС-тан босатуды, корпоративтік салықты төмендетуді, жерді еркін экономикалық аймаққа орналастыруды қарастырады. Шетелдік серіктес жобаны іске асыру кестесін және 5 жылға арналған басқару жоспарын, оның ішінде сату, өндіріс, адами ресурстар және жабдыққа инвестициялар жасау керек.

Кореялық BK Technology Co., Ltd компаниясы жарықдиодты жабдықтың өндірушісі болып табылады. Өнімдерді Оңтүстік-Шығыс Азия, Аустралия, Мексика және Сауд Арабиясына экспорттайды. Өткен жылы витаминді шам технологиясы инновациялық прототип ретінде таңдалды, Инчхон қаласының үкіметі жоғары сапалы өнім ретінде атап өтті. Шағын және орта бизнес және стартаптар министрлігі берген EPC өнімділік сертификаты алынды. 2020 жылы жасыл технологиялар сертификатын алды.