Мемлекеттік қызметші күніне орай Өнеркәсіп комитетінің қызметкерлері марапатталды

Мемлекеттік қызметші күніне орай Өнеркәсіп комитетінің қызметкерлері марапатталды

23 маусым – Мемлекеттік қызметші күніне орай Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінде салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Мерекелік іс-шара барысында Комитет төрағасы Азамат Панбаев мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі, адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін бірқатар қызметкерлерге Алғыс хаттар табыстады.

«Мемлекеттік қызмет – бұл ең алдымен елге деген жауапкершілік пен адалдық. Бүгінгі марапат – әріптестеріміздің күнделікті қажырлы еңбегіне берілген лайықты баға. Өнеркәсіп саласының дамуына өз үлесін қосып жүрген барлық мемлекеттік қызметшілерге алғысымды білдіремін және кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын», – деді Азамат Панбаев.

Сондай-ақ Комитет төрағасы мемлекеттік қызметшілердің елдің өнеркәсіп саласын дамытудағы жауапты еңбегін атап өтіп, марапат иелеріне алдағы қызметтерінде табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.

Мемлекеттік қызмет – жоғары жауапкершілік пен халыққа адал қызмет етуді талап ететін маңызды міндет. Осы орайда барлық мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!