Қазақстандық электролиз зауыты бастапқы алюминийдің қазақстандық тұтынушыларымен 11 келісімшарт жасады

Қазақстандық электролиз зауыты бастапқы алюминийдің қазақстандық тұтынушыларымен 11 келісімшарт жасады

Ағымдағы жылы Қазақстан электролиз зауыты бастапқы алюминийдің қазақстандық тұтынушыларымен 11 келісімшарт жасады. Дұрыс таңдалған ұзақ мерзімді стратегия, сондай-ақ өндірістік тәжірибе әлемді жайлаған пандемияға байланысты жаһандық дағдарысты материалдық және кадрлық шығындарсыз еңсеруге мүмкіндік берді. Отандық зауыт өз өнімінің 90% экспортқа жібереді. Экспорт географиясы 20-дан астам елді құрайды, олардың қатарында Ресей, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Грузия, Италия, Түркия және басқа да жақын және алыс шетелдер бар.

Қазақстан электролиз зауыты еліміздегі алғашқы алюминий өндіретін жалғыз зауыт болып табылады. Бұл алюминий тотығын қалпына келтіру арқылы алынған және құймаларға құйылған жоғары сапалы алюминий.

Зауыт 20 келі болатын алюминий құймаларын шығарады. Соңғы 2 жыл ішінде металл 2 түрде, құйма және сұйық түрінде жеткізіледі. Көлемнің шамамен 60%-ы кабельдік - өткізгіш өнімдер өндірісіне, 20% - металл конструкциялары өндірісіне тиесілі.

Кәсіпорын өз қуатын кеңейтуді жалғастыруда. Ток күшін арттыру жобасының есебінен зауыттың қуаттылығы 2019 жылы 250 мың тоннадан 263 мыңға дейін артты. Бүгінде компания 206 мың тоннадан астам бастапқы алюминий өндірді, осы жылға арналған жоспарлар өзгеріссіз қалады - 265 мың тонна.

Бұдан бөлек, Қазақстанның Даму Банкінің қарыз қаражаты есебінен зауыт үшін құны 1 018 млрд АҚШ доллары болатын жоғары технологиялық жабдық сатып алу қаржыландырылды. Оның ішінде өз қаражаты 618,3 млн АҚШ долларын, ҚДБ – 400 млн АҚШ долларын құрады. ҚДБ мен "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ әріптестігінің нәтижесі Павлодар өңірінде еңбек өнімділігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ елдің экспорттық әлеуетін дамытуға елеулі үлес қосатын бастапқы алюминий өндірісі бойынша құраушы индустриялық алыпты құру болды.