
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті мемлекеттік монополияға, арнайы құқыққа жатқызылған зергерлік бұйымдарды таңбалау және қадағалау бойынша «Қазақтелеком» АҚ Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторының қызметтеріне бағаларға сараптама жүргізу үшін Жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.
Қоғамдық тыңдаулар 2026 жылдың 20 мамырда сағат 16.00-де ZOOM бейнеконференциясы арқылы өтеді.
Қосымша ақпаратты, сондай-ақ қосылу сілтемесін келесі байланыс телефондары арқылы алуға болады: +7 7172 57 22 51, +7 702 552 24 49.