Жеке тұлғаларға автолизинг қызметін дамыту мәселелері талқыланды

Жеке тұлғаларға автолизинг қызметін дамыту мәселелері талқыланды

Бүгін министрлікте Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков пен Мәжіліс депутаты Олжас Күспековтің төрағалығымен бизнес-қоғамдастық және лизингтік компаниялар өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.

Кездесу барысында жеке тұлғалардың автокөлік лизингі қызметтеріне қолжетімділігін кеңейту мәселелері қарастырылды. Қазіргі уақытта министрлік, Қазақстан өнеркәсіптік инвесторлар одағы және Қазақстан автомобиль одағы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою жоспарлануда. Құжат жеке тұлғаларға автокөлік лизингі қызметтерін көрсететін заңды тұлғаларға арналған бірыңғай критерийлерді белгілеуді көздейді.

Меморандум аясында лизинг беру шарттары, оның қолдану мерзімдері және өзге де негізгі өзара іс-қимыл параметрлері айқындалатын болады.

Сонымен қатар мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмысты жалғастыруда. Түзетулер қаржылық лизингке ұқсас салықтық жеңілдіктерді ұсынуды, сондай-ақ құқық бұзушылықтарды әкімшілендіру тетіктерін жетілдіруді қарастырады.