
2025 жылғы 20–21 қараша күндері Санкт-Петербург қаласында жеңіл өнеркәсіп, сән индустриясы және ТМД елдерінің креатив секторындағы жетекші мамандарды, дизайнерлерді, сарапшыларды және кәсіпорын өкілдерін біріктірген IV Халықаралық «СӘН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ» форумы өтті. Форум салалық ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу және инновациялық шешімдерді ілгерілету бойынша маңызды халықаралық алаң екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Форумның іскерлік бағдарламасы аясында МПС Өнеркәсіп комитетінің Жеңіл өнеркәсіп басқармасының міндетін атқарушы жетекшісі Исабекова Әйгерім екі сессияда сөз сөйледі.
20 қарашада ол «ТМД кеңістігіндегі жеңіл өнеркәсіп және креатив индустрияларды мемлекеттік қолдау шаралары» атты сессияға қатысып, саланы қолдаудың өзекті тетіктері мен мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайту бағыттарын таныстырды.
21 қарашада сарапшы «Тігін саласы: заманауи, индустриялық және креатив формат» атты сессияда жеңіл өнеркәсіптің жаңа трендтері мен саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын талқылады.
Форумның пленарлық отырысында Қазақстанның Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының вице-президенті Инна Апенко маңызды баяндама жасады. Ол өз сөзінде бүгінгі жас буын сән индустриясының болашағын айқындап отырғанын, ал ТМД елдері бай қолөнер мұрасына негізделген ортақ мәдени кодқа ие екенін атап өтті. Осы негізде өңір әлемге жаңа түсініктегі сәнді — аутенттілікке, мағынаның тереңдігіне және «қолөнер сәніне» негізделген жаңа құндылықты ұсына алатынын жеткізді. Бұл жаһандық брендтердің біріздену үрдісіне балама бола алады.
Форум бағдарламасының мәдени бөлігі отандық Arunaz бренді көрсетілімімен толықты. Коллекция заманауи дизайн мен ұлттық қолөнер дәстүрлерін үйлестіре отырып, этникалық стильдің халықаралық сән кеңістігіндегі жаңа тынысын көрсетті.