Қазақстан делегациясы Чех Республикасында өткен MSV 2025 атты 66-шы Халықаралық машина жасау көрмесіне қатысты.

Қазақстан делегациясы Чех Республикасында өткен MSV 2025 атты 66-шы Халықаралық машина жасау көрмесіне қатысты.

2025 жылғы 8–10 қазан аралығында Чех Республикасының Брно қаласында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев бастаған қазақстандық делегация MSV 202566-шы Халықаралық машина жасау көрмесіне және өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытуға арналған бірқатар халықаралық іс-шараларға қатысты.

Көрменің ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген А. Панбаев Қазақстан мен шетелдік серіктестер арасындағы өнеркәсіптік кооперацияның оң серпінін атап өтіп, елдегі өнеркәсіптік бастамаларды қолдау және ынталандыру бағытында жүзеге асырылып жатқан шараларға тоқталды. Чех Республикасының іскерлік қауымдастығына өзара тиімді серіктестік пен бірлескен жобаларды іске асырудың жаңа мүмкіндіктері таныстырылды.

Сапар аясында қазақстандық делегация Чехияның ұлттық павильонын аралап, Чех Республикасы Өнеркәсіп және сауда министрлігінің Еуропалық одақ және сыртқы сауда бөлімінің бас директоры Давид Мюллермен екіжақты кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге бағытталған перспективалық бағыттарды талқылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы делегациясы Орталық Азия елдерінің Бизнес күніне қатысты. Іс-шараға Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан делегациялары да қатысты. Бұл кездесу өңіраралық ынтымақтастықты тереңдетуге және жаңа іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.

Көрме шеңберінде А. Панбаев келесі жетекші чех өнеркәсіптік компанияларының өкілдерімен келіссөздер жүргізді:

  • Sklostroj Turnov (шыны ыдыс өндіруге арналған жабдықтар өндірісі),

  • Fridlanské strojírny (жылу оқшаулағыш панельдер өндірісі),

  • Ferrit s.r.o. (тау-кен шахталық жабдықтар өндірісі).

Кездесулер барысында бірлескен жобаларды іске асыру перспективалары, қолданыстағы келісімдерді орындау мәселелері және серіктестікті кеңейту жолдары қарастырылды.

Сапар бағдарламасындағы маңызды сәттердің бірі – қазақстандық делегацияның Aircraft Industries авиациялық зауытына баруы болды. Делегация кәсіпорынның қызметімен танысып, авиациялық саладағы ықтимал ынтымақтастық бағыттарын талқылады.

Қазақстанның MSV 2025 көрмесіне қатысуы халықаралық өнеркәсіптік кооперацияны дамытудағы маңызды қадам болып, Орталық Еуропадағы негізгі серіктестермен сауда-экономикалық байланысты нығайтуға деген ұмтылысты растады.