Құрметті шахтерлар мен саланың ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Шахтер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Еліміздің индустриялық дамуы мен экономикалық қуаты сіздердің маңдай тер еңбектеріңізбен тығыз байланысты. Жер қойнауындағы байлықты игеріп, халық игілігіне жарату жолындағы қажырлы қызметтеріңіз – нағыз ерліктің үлгісі.
Қауіп-қатері мол, бірақ мәртебесі биік еңбектеріңізге біз әрқашан құрметпен қараймыз. Шахтерлар әулетінің еңбегі бағаланып, мерейі әрдайым үстем болсын!
Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз.
Шахтер күні құтты болсын!