Конституция күні!

Конституция күні!

🇰🇿 Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді ҚР Өнеркәсіп комитетінің атынан еліміздің басты мерекелерінің бірі – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ата Заң – мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен тұрақтылығының тірегі, азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарының кепілі. Ол бірлігімізді нығайтып, Қазақстанның болашаққа нық қадам басуына жол ашады.

Баршаңызға амандық, бейбіт өмір, татулық пен жаңа жетістіктер тілейміз!