ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінде Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай семинар өтті
2025 жылғы 28 тамызда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінде Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған семинар өткізілді.
Іс-шараға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің Заң қызметі, мемлекеттік қызметтер мониторингі және азаматтардың өтініштерімен жұмыс басқармасының басшысы Есен-Алибижан Сатаров Дүйсенбекұлы қатысып, комитет қызметкерлерімен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Семинар барысында Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ұжым қызметкерлеріне түсініктеме берді.
Семинардың негізгі мақсаты – қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық жүйені дамыту бойынша тиімді әрекеттерді айқындау болды.