Вице-министр Олжас Сапарбековтің Иннопромдағы кездесулері: Индустриялық ынтымақтастықты кеңейту

Вице-министр Олжас Сапарбековтің Иннопромдағы кездесулері: Индустриялық ынтымақтастықты кеңейту

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков «Иннопром» халықаралық өнеркәсіп көрмесі аясында түрлі бизнес құрылым өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.

Кездесулердің басты тақырыбы – ынтымақтастықты нығайту және Қазақстан аумағында жаңа өндірістерді оқшаулау (локализация) мәселелері болды.

Стратегиялық маңызы жоғары келесі салаларда өндіріс құру перспективаларына ерекше назар аударылды: Газтурбиналық қозғалтқыштар мен агрегаттар: Жоғары технологиялы өнімдерді шығару мүмкіндігі талқыланды. Бұл энергетика және коммуналдық секторды жаңғыртуға оң әсер етіп, машина жасау саласындағы құзыреттілікті дамытуға жол ашады.

Икемді орамалар мен пленка материалдары: Азық-түлік, фармацевтика және басқа да салалар үшін заманауи орау шешімдерін шығару жобалары қарастырылды. Бұл импортқа тәуелділікті азайтып, ішкі нарықты дамытуға ықпал етеді.

Сондай-ақ, ірі габаритті құйма бұйымдары мен жүк техникасын өндіретін машина жасау компанияларының басшылығымен кездесулер өтті. Бұл кездесулерде өзара тиімді ынтымақтастық орнату және болашақтағы бірлескен жобалар мәселелері талқыланды.

Аталған бастамалар Қазақстанның экономикасын әртараптандыру, инвестиция тарту және ішкі әрі сыртқы нарық қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын жоғары технологиялық өндірістер құруға деген ұмтылысын көрсетеді.