«Keden» ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитетімен берлесіп Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды мемлекеттік бақылау актісі және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін Кимберлий процесін сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмастарды мемлекеттік бақылау актісі беру (бұдан әрі – мемлекеттік бақылау актісі) жөніндегі функционалды пайдалануға енгізеді.
2025 жылғы 8 шілдеден бастап мемлекеттік бақылау актісі өтініштерді беру және өңдеу «Keden» АЖ жүзегеде асырылатын болады.
Ағымдағы жылдың 4 шілдеде сағат 18:30-да «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде мемлекеттік бақылау актісі алу өтініштерді қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз.
Өтінішті толтыру тәртібі, сондай-ақ жүйеде тіркеу бойынша нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған https://keden.kgd.gov.kz, сондай-ақ жеке телеграм чаты жасалған https://t.me/kedenkgdgovkz/57795 – өтініш берушілер үшін.
Өтініштердің мәртебесі туралы хабарламалар алу мүмкіндігі үшін қолданыстағы ұялы телефон нөмірлерін және электрондық пошта мекен-жайларын тіркеу кезінде көрсету қажеттілігіне назар аударамыз.
Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін Қолдау қызметіне хабарласыңыз:
+7 7172 73 55 19
+7 705 956 53 89
e-mail: keden_support@kgd.minfin.gov.kz.
Telegram арнасы: https://t.me/kedenkgdgovkz.