Қазақстан Республикасының Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының екінші съезі

Қазақстан Республикасының Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының екінші съезі

2025 жылғы 13 маусымда Астана қаласында "EXPO" халықаралық көрме орталығының ғимаратында (Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1,) сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының екінші съезі (бағдарлама қоса беріледі) жұмысын бастайды.

Іс-шара Мемлекет басшысы жариялаған жұмысшы кәсіптер жылымен және жыл сайын маусымның екінші жексенбісінде "Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні" кәсіби мерекесіне орай атап өтілуде.

Өткізілетін іс-шара жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және еңбек ұжымдарының (әйелдердің басым бөлігі) отандық экономиканы дамытуға қосқан үлесін тануға бағытталған.

Іс-шараның мақсаты: саланы одан әрі дамыту векторларын айқындау, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, және "Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының "Qaz Textile Industry" ұлттық бірлестігі" заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер одағы өзін-өзі реттеу ұйымның 10 жылдық қызметінің қорытындысын шығару.

2015 жылғы 15 шілдеде құрылған жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігі мата, фурнитура, тігін өнімдері мен аяқ киім өндірушілерді біріктіреді және өз қызметінде қазақстандықтардың алдына қойған Мемлекет басшысы мен Қазақстан Үкіметі міндеттерін басшылыққа алатын кәсіби бизнес-қауымдастық болып табылады.

Qaz Textile Industry Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасында аккредиттелген.

Қазіргі уақытта Өзін-өзі реттеу ұйымы белсенді дамушы әрі маңызды қоғамдық бірлестік болып табылады.

Қоғамдық бірлестіктің құрамына тоқыма, тігін, трикотаж, аяқ киім, бас киімдер мен фурнитуралар өндіруші 300 - ден астам ірі, орта және шағын кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер, Қазақстанның барлық өңірлерінде орналасқан өңірлік қауымдастықтарды қоса алғанда, сондай-ақ 2 ЖОО мен колледж кіреді. "Qaz Textile Industry" өзін-өзі реттеу ұйымы кәсіпорындарында 10,5 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

"Qaz Textile Industry" өзін-өзі реттеу ұйымы мақсаттары мен қойылған міндеттерін іске асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізеді, "Qaz Textile Industry" өзін-өзі реттеу ұйымына мүше тауар өндірушілердің мүдделерін білдіреді және қорғайды, ҰКП, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, мемлекеттік органдар мен мекемелермен өзара іс-қимыл жасайды және өз құзыреттері мен берілген өкілеттіктері шеңберінде басқа да міндеттерді жүзеге асырады.

Біздің басты мақсатымыз отандық жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, ішкі және сыртқы нарықтарда өнімді ілгерілету, инвестициялық бағдарламаны іске асыру және шикізат базасын құру арқылы индустриялық өсудің жаңа нүктелерін құру болып табылады.

"Qaz Textile Industry" өзін-өзі реттеу ұйымы өкілдері өңірлік кәсіпкерлер палаталарының және өңірлік палаталар жанындағы салалық кеңестердің құрамына, сондай-ақ мемлекеттік органдар жанындағы өзге де кеңесші-консультативтік органдарға кіреді.

13 маусымда Қазақстан Республикасы Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының екінші съезі шеңберінде "EXPO" халықаралық көрме орталығының екінші қабатында №3 конференц-залдың жанында отандық жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің көрмесі және Қазақ технология және бизнес университетінің отандық өндірушілері мен студенттерінің коллекцияларының Fashion көрсетілімі ұйымдастырылады.

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі жұмыс орындарын құруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететін экономиканың маңызды салаларының бірі болып табылады. Әр түрлі қиындықтарға қарамастан, бұл сала дамуын жалғастыруда, экономикалық және әлеуметтік салаларға үлес қосуда. 2024 жылы Жеңіл өнеркәсіп нарығының көлемі 4,3 млрд АҚШ долларына жетті, ал отандық өндірушілердің үлесі 6% - ды құрады.

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректері бойынша жеңіл өнеркәсіп саласында 1 411 кәсіпорын, соның ішінде 803 тігін, 481 тоқыма бұйымдарын өндіру, 122 былғары бұйымдарын өндіру кәсіпорны жұмыс істейді.

Жалпы ішкі өнімдегі жеңіл өнеркәсіптің үлесі 0,09%, жалпы өнеркәсіп саласында – 0,4%, өңдеу саласында – 0,9% құрады. Бұл ретте 28 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 60% - ы әйелдер. Бұл көрсеткіш елде жоғары әлеуметтік рөл атқарады.

"Qaz Textile Industry" өзін-өзі реттеу ұйымы мүшелері "шикізат психологиясымен" қоштасып», дайын өнімді импорттауға бар күшімен талпыну, бұл үшін өндірістік кооперацияға ұмтылу қажет деген пікірде.

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының екінші съезіне спикерлер ретінде Үкімет мүшелері, оның ішінде Е.Қ. Нағаспаев-Өнеркәсіп және құрылыс Министрі, Р. А. Баталов - "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Төралқасының Төрағасы, Н. Шабаева - "Қазақстандық жеке қорғаныс құралдарын өндірушілер одағы" ЗТБ президенті, Б.Құрманғалиева - "Цифрлық экономиканы дамыту орталығы" ЖШС Бас директоры және басқалар қатысады.