Астанада екіжақты ынтымақтастықты дамыту бойынша «Италия - Қазақстан» іскерлік форумы өтті

Астанада екіжақты ынтымақтастықты дамыту бойынша «Италия - Қазақстан» іскерлік форумы өтті

Астанада бүгін «Италия-Қазақстан» іскерлік форумы өтті. Іс-шара екіжақты өзара іс-қимыл перспективаларын талқылау, іскерлік байланыстарды нығайту және логистика мен өнеркәсіптік кооперациядан бастап жоғары технологиялар мен "жасыл" энергетикаға дейінгі бірлескен жобаларды іске қосу үшін маңызды алаңға айналды. Форумда машина жасау, мұнай химиясы, агроөңдеу, металлургия, логистикалық процестерді цифрландыруды, сондай-ақ Еуропа, Орталық Азия және Қытай нарықтарына шығатын Қазақстан аумағында бірлескен өндірістер құру туралы жобалар талқыланды.

Форум аясында «Қазақстанның жеткізу тізбегі және «Made with Italy» жобасымен ынтымақтастық мүмкіндіктері» атты панельдік сессия өтті. Іс-шараға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев қатысты. Комитет төрағасы өз сөзінде Қазақстанның Еуропалық Одақ пен Италия үшін аса маңызды шикізаттардың сенімді жеткізушісі ретіндегі стратегиялық рөлін атап өтті. Бүгінгі таңда Қазақстан ЕО тізіміндегі аса маңызды шикізаттардың 34 түрінің 21-ін жеткізуге әлеуетті.

«Біз «оффтейк-келісімшарттар тұрақты жеткізілім кепілдігі» қағидаты негізінде ынтымақтастық орнатуға дайынбыз және Қазақстанды тек шикізат жеткізуші емес, сонымен қатар оны қайта өңдеу және өндірістік кооперация бойынша серіктес ретінде қарастыруды ұсынамыз», – деді Азамат Панбаев.

Аталған панельдік сессия ҚР Сауда және интеграция министрлігі, Қазақстан-Италия сауда қауымдастығы (ACIK) және екі елдің Елшіліктерінің қолдауымен өткен іскерлік форум аясында ұйымдастырылды. Іс-шара екі ел іскер топтарының жоғары сенім деңгейін және өзара ынтымақтастықты жаңа сапалы деңгейге шығаруға деген ұмтылысын көрсетті.