
«Digital Qazaqstan» халықаралық ІТ форумының AI-Sana сессиясында Жасанды интеллект институтының білім алушылары — Оңалбеков Нұрбол мен Әбілдаев Нұрбек өздерінің «PhishGuard» жобасымен көрмеге қатысты. Бұл жоба форумдағы ең үздік инновациялық шешімдердің қатарына еніп, үлкен қызығушылық тудырды!
Көрме барысында жас IT-мамандар түрлі әлеуетті серіктестермен маңызды байланыстар орнатып, жобаның алғашқы қолданушыларын тапты. Бұл — отандық стартаптың нарықта сұранысқа ие екенінің айқын көрінісі.