«Digital Nauryz 2026» іс-шаралар аясында ұлттық дәстүр мен цифрлық технологиялар үйлесімді ұштасып, мазмұнды шаралар ұсынылды.
Аталған іс-шарада қонақтарға Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы С. Ибадуллаұлы көрмені аралатып, ұсынылған жобалармен таныстырды. Өз сөзінде заманауи технологияларды дамыту және оларды күнделікті өмірге енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Қала тұрғындары мен қонақтары дрондар көрмесін көріп, олардың мүмкіндіктерімен танысты, сондай-ақ робототехника саласындағы жетістіктерге куә болды. Цифрлық алаңдарда ұйымдастырылған интерактивті көрсетілімдер қонақтарға жаңа технологияларды тәжірибе жүзінде сынап көруге мүмкіндік берді.
Мерекелік шараға мыңдаған адам жиналып, ұлттық рух пен заманауи дамудың үйлесімді байланысын айқын сезінді.
Көктемнің шуақты мерекесі – Әз-Наурыз әр шаңыраққа береке, бірлік пен жаңа мүмкіндіктер әкелсін!