Шыңғырлау ауданы округтік сайлау комиссиясы құрамының бос орынына конкурс жариялау туралы Шыңғырлау аудандық мәслихатының ХАБАРЫ

Шыңғырлау ауданы округтік сайлау комиссиясы құрамының бос орынына конкурс жариялау туралы Шыңғырлау аудандық мәслихатының ХАБАРЫ

  сооб. округ каз

Приложения kaz                   

     Шыңғырлау ауданы округтік сайлау комиссиясы құрамының бос орынына конкурс жариялау туралы Шыңғырлау аудандық мәслихатының ХАБАРЫ

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан  Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес Шыңғырлау аудандық мәслихаты, № 5- 1, № 8-1, № 9-1, № 10-1 округтік сайлау комиссиясы  құрамының бос орындарына ұсыныстар қабылдау басталғанын хабарлайды. 

Осыған байланысты саяси партиялардан округтік сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер туралы ұсыныстарын қабылдау 2024 жылдың 12 тамызынан 27 тамызына дейін белгіленеді, белгіленген мерзімде саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары қабылданады.

Үміткерлер туралы ұсыныстарды аудандық мәслихаты мына мекенжайда:  Шыңғырлау ауылы, Л.Қылышев көшесі № 95 сағат 9-дан 18-ге дейін қабылдайды.

Округтік сайлау комиссияларының құрамына ұсынылатын үміткерлер сайлау туралы Конституциялық Заңының 19-бабы 2-1 тармағының талаптарына сәйкес болуға тиіс.

Көрсетілген мерзімде саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктер және жоғары тұрған сайлау комиссиясысайлау комиссиясына ұсынылатын үміткерлердің тізімдерін аудандық мәслихатқа жолдайды, оған мына құжаттарды жалғайды:   

   1)  сайлау комиссиясының құрамына үміткерлерді ұсынғаны туралы саяси партия органы немесе басқа да қоғамдық бірлестіктердіңжәне жоғары тұрған сайлау комиссияларының, жарғысына сәйкес тиісінше өкілеттіктері бар олардың құрылымдық бөлімшелері мәжілісінің хаттамаларынан суырмаларды;    

    2) саяси партияның немесе басқа да қоғамдық бірлестіктіңжәне жоғары тұрған сайлау комиссияларының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесін;

   3) аудандық мәслихатқа кандидаттың 5.1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша округтік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші.

 

Аудандық мәслихат аппараты

 

 

 

 

 

Ұсынымдарға 5.1-қосымша

 

Нысан

 

_____________________________________________________

(мәслихаттың толық атауы)

 

төрағасына

_________________________________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)

 

_______________________________________________тұратын

                                                                                         (облыс,  Астана қ, Алматы қ, Шымкент қ,

 

_________________________________________________________

аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)

 

______________________________________________________

(ұялы телефондардың нөмірлері)

 

 

Өтініш

Мен,__________________________________________________________________________

    (өтініш берушінің Т.А.Ә.)

 

______________________________________________________________________(саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы) ұсынылғанҚазақстан Республикасының азаматы,аумақтық сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін.  Сайлау органдарында жұмыс тәжірибем бар _______________________________________

( иә, ___ жыл/ жоқ)

 

Өтелмеген немесе алып тасталмағансотталғандығым жоқ.

Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.

Мен Парламент, мәслихатдепутаты, әкім,өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарыныңсудьясыемеспін.

Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығымның,  iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәніне сауалдар жіберу үшін менің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін.

 

2023жылғы «____»____________                                        _________________________

(өтініш берушінің қолы)

Өмірбаяндық деректер:

 

Туған күні  19 _____ жылғы «____» _______________

Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН)_____________________________________________________

Ұлты* _______________________________

Партиядағы мүшелігі *_______________________________________________________________

Білімі   _____________________________________________________________________________

Мамандығы  _________________________________________________________________________

Жұмыс орны немесе кәсіп түрі __________________________________________________________

Атқаратын қызметі ____________________________________________________________________

Жеке куәліктің деректері _____________________________________________________________

                                            (куәлік нөмірі, қашан және кім берген)

               Комиссия құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметтерді қоса тіркеймін**.

 

Ескертпе:

*Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай партияға жататыны кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.

** Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

 

Өтінішке қосымша

 

Жақын туыстары  туралы мәліметтер __________________________________________________________________

(өтініш берушінің Т.А.Ә.)

 

р/б

Жақын туысқандарыныңтегі, аты, әкесінің аты

(болған кезде)

ескертпе

1.                   

 

әкесі

2.                   

 

анасы

3.                   

 

ұлы

4.                   

 

қызы

5.                   

 

ағасы

6.                   

 

әпкесі

7.                   

 

атасы

8.                   

 

әжесі

9.                   

 

немересі

10.               

 

жұбайы (зайыбы)