Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт
Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық
бағыты» атты халыққа кезекті Жолдауын жасады.
Жолдауда белгіленген жаңа мақсаттар азаматтардың
әл-ауқатын арттыру мәселелерін шешуге бағытталғаны
қуантады. Жаңа бағдарламалық құжаттың осылай
аталуы кездейсоқ емес, басты назар елдегі тұрақты
экономикалық өсімге бағытталған. Осы мақсатта орта
бизнесті дамыту, берік индустриялық негіз құру,
экспортты ынталандыру, макроэкономикалық
саясатты қайта жүктеу және т.б. міндеттер дәйекті
түрде шешілетін болады.
Ерекше өскелең ұрпақ пен еңбек адамға назар аударылды.
Қазақстандық балалар
үшін бірнеше бағыттар әзірленетін болады - бұл білім
сапасын арттыру, «Келешек» Бірыңғай ерікті
қаржыландырылатын жүйесін енгізу және т.б. Ал 2023
жылға дейінгі Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы
аясындағы жұмыс ауыр өнеркәсіп салаларында
жұмыс істейтін азаматтардың еңбек құқықтарын
жақсырақ сақтауға мүмкіндік береді. Бұл әрқайсымыз
үшін маңызды.
Сонымен қатар, көптеген прогрессивті міндеттер бар,
олр ең алдымен, су және энергия үнемдейтін
технологиялар саласында және жаңартылатын
энергия жобаларын жүзеге асыруда. Біз
болашағымызға батылдықпен қараймыз,
ысырапшылдыққа, табиғи ресурстарды ұқыпсыз
тұтынуға орын жоқ, оны балаларымыз, немерелеріміз,
шөберелеріміз үшін сақтауымыз керек.
Мемлекет басшысының Жолдауының кейбір
тұстарына ғана қысқаша тоқталып, ең бастысы,
Елбасы атап өткендей: «…Бізде болашақтың айқын
бейнесі бар: біз Әділ Қазақстан - тең мүмкіндіктер
және прогресстер елін құрып жатырмыз». Менің
ойымша, бұл жаңа Жолдаудың негізгі идеяларының
бірі - Қазақстанды дамытудың нақты векторлары бар
құжат.