Ағымдағы жылдың 4 қыркүйек күні аудандық мәслихатының экономика және бюджет, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары, заңдылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы аудандық мәслихат депутаты, комиссия төрайымы А.С.Исанованың төрағалығымен өтті.
Күн тәртібінде:
Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 30-1 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселені тындап және талқылап шешім жобасын аудандық мәслихат сессиясына бекіту үшін ұсынды.