Бүгін аудандық мәслихатының аграрлық және ауыл шаруашылығы, ауылдық аумақтарды дамыту және абаттандыру, халықтың десаулығын сақтау, білім беру, жастармен жұмыс, мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы аудандық мәслихат депутаты С.Шалабаевтың төрағалығымен өтті.
Күн тәртібінде:
Шыңғырлау ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы (Баяндамашы: аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Ә.Жупулов).
Комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселені тындап және талқылап шешім жобасын аудандық мәслихат сессиясына бекіту үшін ұсынды.