2025 жылы 21 сәуір күні Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен экофестиваль өтті. Іс-шара аясында инновациялық экологиялық жобалар мен стартаптарды көрсету үшін көрме және интерактивті аймақтар ұйымдастырылды.

«Таза Қазақстан» экофестивалінің көрме аймағында келесі жобалар ұсынылды:
- Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша 10 қазақстандық компания ұсынған инновациялық жобалар;
- ERG, ТШО, КПО, Kazakhmys сияқты ірі өндірістік компаниялардың экологиялық бастамалары;
- Жасыл технологиялар және инновациялық жобалар жөніндегі халықаралық орталықтың қолдауымен ұсынылған экостартаптар;
- Оқушылардың экологиялық жобалары.
Көрме 23 сәуір күні сағат 15:00-ге дейін барша келушілерге ашық болады.
Экофестивальдің бас демеушісі — «Bank RBK» АҚ.
«Мұндай ауқымды әрі маңызды іс-шараның бір бөлігі болу — Bank RBK үшін үлкен құрмет. Бұл тек экологиялық бастамаларды көрсету алаңы ғана емес, сонымен қатар жаңа ойлау мен болашақ үшін ортақ жауапкершіліктің символы», — деп атап өтті Bank RBK Басқарма Төрайымы Наталья Акентьева.