А. ж. 21 қыркүйегінде еліміздің барлық өңірлерінде "World CleanUp Day" Бүкіләлемдік тазалық акциясы өткізілді. 

А. ж. 21 қыркүйегінде еліміздің барлық өңірлерінде "World CleanUp Day" Бүкіләлемдік тазалық акциясы өткізілді. 

Акция бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдарды сенбілікке қатысуға шақырады, бұл азаматтық белсенділік пен экологияны жақсартуға деген ұмтылысты көрсетеді.

Бұл күні біздің елімізде сенбілікке барлығы 160 мыңнан астам адам, оның ішінде 60 мың мемлекеттік орган қызметкерлері мен 35 мың еріктілер қатысты. 

Акция барысында 14 мың тоннадан астам қалдық жиналып, 13 мың гектардан астам аумақ тазартылды. 

Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығымен, еріктілермен және кәсіпорындармен бірлесе отырып, Қосшы қаласында, Сарқырама өзенінің бойында сенбілік өткізді.

Бұл іс-шара Бірлік пен қоршаған ортаға жауапкершіліктің символына айналды. 

Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және еліміздің тазалығы мен сұлулығы үшін күресте одан әрі бірлескен күш-жігерге үміттенеміз.