“Өскеменспецкоммунтранс” ЖШС қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

“Өскеменспецкоммунтранс” ЖШС қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

А.ж. наурыз айында Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеру төмендегі экологиялық заңнаманың бұзушылықтарын анықтады:

-көмуге жарамсыз қалдықтарды жою (пластик, макулатура, оның ішінде картон, полиэтилен, пайдаланылған шиналар);

-берілген экологиялық рұқсат шарттарының тиісінше орындамау, оның ішінде жер асты суларындағы ластаушы заттар мөлшерінің асып кетуі;

-ҚТҚ полигонында қалдықтарды көму бойынша белгіленген лимиттен асып кету.

Тексеру қорытындысы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 5 хаттама жасалды, оған 3 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Сондай-ақ, Экологиялық кодекске сәйкес қалдықтар бойынша лимиттен асып кету бойынша 5,9 млрд теңге айыппұл салынды.

Сонымен қатар, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.