Ағымдағы жылдың қаңтар айында Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі өзенінің ластану фактісі бойынша "Казцинк" ЖШС Риддер тау-кен байыту кешеніне қатысты жоспардан тыс тексеру аяқталды

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Шығыс Қазақстан облысындағы Үлбі өзенінің ластану фактісі бойынша "Казцинк" ЖШС Риддер тау-кен байыту кешеніне қатысты жоспардан тыс тексеру аяқталды

Жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында экология департаментінің мамандары іріктеп алған сарқынды сулардың сынамалары марганец бойынша 4,5 есе артық екенін көрсетті. 

Сондай-ақ, тазарту құрылыстарын тиісінше пайдаланбау нәтижесінде Үлбі өзеніне көптеген ағындар орын алатыны анықталды.

Жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша "Казцинк" ЖШС-не 50 млн.теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.